__МаңыздыЖаңалықтарҚоғамСаясат

«Қазақстан Темір жолы» АҚ басқарма төрағасы тағайындаулар жүргізді

«Қазақстан Темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев тағайындаулар жүргізді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz  ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары лауазымына Павел Владимирович Соколов тағайындалды. HR жөніндегі басқарушы директор (персоналды басқару жөніндегі директор) лауазымына Тамила Микулич тағайындалды. Құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директор лауазымына Ардақ Жұмағұлұлы Мұқышев тағайындалды.

«Автоматтандыру және цифрландыру» филиалының директоры лауазымына Салмен Габдоллонович Амрин тағайындалды. «Бизнесті трансформациялау орталығы»  филиалының директоры лауазымына Серік Қошқарұлы Досаев тағайындалды», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметіндегілер.

Back to top button