Таразда көпқабатты үйде жарылыс болды

Таразда көпқабатты үйде жарылыс болды

Таразда көпқабатты үйде жарылыс болды
ашық дереккөзі
Таразда көпқабатты үйлердің бірінде болған жарылыста екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс таңертең 27 ақпанда 9 шағын ауданда болған. Жамбыл облыстық ТЖД өкілдерінің мәліметі бойынша, үйден 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Куәгерлердің айтуынша, бірінші, екінші және үшінші қабат арасындағы жабындар қираған. Басқа мәліметтер әлі белгісіз. Зардап шеккен төрт адам Тараздағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Барлығына көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді. Кейінірек Жамбыл облыстық балалар ауруханасына бір бала бас жарақатымен жеткізілгені белгілі болды. Оған ота жасап жатыр.