«Рахат» өнімдері – халықтың сүйікті дәмі

 «Рахат» өнімдері – халықтың сүйікті дәмі

 «Рахат» өнімдері – халықтың сүйікті дәмі
ашық дереккөзі
Сонау 1992 жылы кондитерлік фабрика ретінде құрылып, бүгінде бәсекеге қабілетті алып компанияға айналған «Рахат» еліміздегі кондитерлік нарықтың көшбасында тұр. Бүгінде бұл компанияның өнімдері әлем елдеріне де танымал. Тіпті, шетелдіктер Қазақстан дегенде, «Қазақстан» плиталық шоколадын тілге тиек етеді. Сондықтан да «Қазақстан» шоколады базарлықтың таптырмас түріне айналды. Қазақстандық тұтынушылар жылдар бойы тексерілген сапаны таңдап, «Рахат» компаниясының шоколадын сатып алғанды артық көреді, сөйтіп, компанияны осы санат бойынша нарықтағы көшбасшы атағына жақындата түсті.   Компанияның аз-кем тарихына шегініс жасасақ, Алма-Ата кондитерлік фабрикасы 1942 жылы құрылды. 1992 жылы кәсіпорын «Рахат» акционерлік қоғамы деп аталды. 2013 жылы Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery компаниясы «Рахат» АҚ акцияларының негізгі бумасын сатып алғаны белгілі. LOTTE Confectionery Оңтүстік Кореяның көлемі бойынша 5-ші ең ірі конгломераты – LOTTE тобының еншілес компаниясы және де Оңтүстік Кореяның штаб-пәтері Сеул қаласында орналасқан жетекші кондитерлік компаниясы болып табылады. Бүгінгі күні «Рахат» АҚ-ның LOTTE Confectionery компаниясына тиесілі акцияларының үлесі 92,44 % құрайды. Кондитерлік фабрика дистрибьюторлық желісі жөнге салынған нарық көшбасшысы бола отырып, атауы 400 асатын жоғары сапалы кондитерлік өнім өндіреді. Компанияның ассортиментінде шоколадты және желе кәмпиттері, карамель, ирис, шоколад тілімдері, печенье, вафли, зефир, драже және т.б. бар. Кейбіреулерінің Қазақстан нарығында аналогы жоқ. Компанияның өнімі Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Ресейде, Беларусьте, Арменияда, Қытайда және басқа елдерде сатылады.  width= «Рахат» АҚ үшін 2018 жыл кезекті тұрақты өсім жылы болды. Компанияның барлық негізгі көрсеткіштері бойынша оң серпін байқалған. Яғни, түсімі, табыстылығы және нарықтағы үлесі ұлғайды. Әсіресе, шоколадтар санаты аса жақсы нәтиже көрсетті. Бүгін өткен баспасөз мәслихатында «Рахат» АҚ Басқарма Төрағасы Константин Федорец: «Компания үшін өткен жыл аса маңызды болды, себебі біз барлық санаттардағы өнімдеріміздің дәстүрлі сапасы, қыркүйек айында ашылған жаңа шоколад өндірісі желісі, сонымен қатар бөлшек саудадағы амалдарды өзгерту есебінен тұрақты өсім фазасын сақтай алдық. Біз нарықтағы үрдістерді қатаң қадағалап отырамыз, басқа ойыншылардың әрекеттері мен белсенділігін талдаймыз. 2019 жылы өсім қарқынын ұстануға және бәсекелестік артықшылықтарымызды арттыра түсуге дайынбыз», – деді. 2017 жылмен салыстырғанда компанияның жалпы табысы 4,8% өскен, компания жылды 59 171 млн теңге түсіммен жапты. Нарықтағы үлесі 2% өсіп, негізгі санаттар бойынша 20,5% көрсеткішіне жетті. Компанияның табысы едәуір өсті – өткен жылмен салыстырғанда операциялық пайда көрсеткіші 9,1% өсіп, 8 758 млн теңгені құрады. Әсіресе, шоколад тілімін өткізу көрсеткіштерін айта кету керек. Жалпы, санат бойынша төмендеу үрдісі қарқын алып келе жатқанда мұндағы нарық үлесінің жылдық өсімі 6% құрады. Осы ретте теңгемен көрсетілген бағасы 3% өсіп, АҚШ долларындағы бағасы 4,3% төмендеді.  width=«Рахат» кондитерлік компаниясының 2018 жылғы жобаларына келсек, ең ірі жоба ретінде Алматы қаласындағы фабрикада жаңа шоколад желісін іске қосқанын айтуға болады. Бұл компанияға маусымның басында өскен сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік берді. Оңтүстік Кореядан келген PEPERO сауда белгісінің жаңа өнімдері сәтті іске қосылғанын да айта кету керек. Нәтижесінде соңғы жыл ішінде импорттық өнім екі есе өсім көрсетті. Меншікті бөлшек сауда орындарының экспансиясы жалғасты – Алматыда, Астанада және Шымкентте 5 жаңа дүкен ашылды. Ал экспорт бойынша өсім, негізінен, Кедендік Одақтан тыс елдер есебінен 4,5% құрады. Кедендік Одақ ішінде 2,2% төмендеді. 2018 жылғы ақпан айында Мәскеу қаласында өткен «ПРОДЭКСПО - 2018» азық-түлік өнімдерінің 25-ші халықаралық көрмесінде «Үздік өнім-2018» халықаралық байқауы аясында «Рахат» АҚ өнімі 11 номинацияда алтын медальдарға ие болды. Айта кету керек, фабрика демеушілік және қайырымдылық істерімен айналысып, белсенді әлеуметтік позицияны ұстанады. Бұл жұмыс спорт, білім беру, өнер, денсаулық сақтау секілді қоғамдық маңызы бар салаларды ынталандыруға және дамытуға бағытталған. Компания мүмкіндігі шектеулі балаларға, жетімдерге және күнкөрісі төмен жанұялардан шыққан балаларға арнап түрлі спорттық, мәдени, мерекелік шараларды өткізуде демеушілік жасайды. 2018 жылғы тамыз айында компания Қазақстанның ең ірі 26 қайырым жасаушыларының қатарына еніп, Vласть интернет-журналының нұсқасы бойынша осы рейтингте 20-шы орынға ие болды. Ал қазан айында демеушілік және қайырымдылық саласында «Алтын жүрек» сыйлығына номинант дипломын иеленді. «Рахат» АҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері Млн теңге
2017 2018 2018/2017
Жалпы табысы  56,440 59,171 4,8%
Опер пайда  8,029 8,758 9,1%
 % 14.2% 14,8% +0.5pp
CapЕx 2, 396  3, 728 +56%