Қазақстанда селден қорғайтын қосымша 3 бөгет салынады

Қазақстанда селден қорғайтын қосымша 3 бөгет салынады

Қазақстанда селден қорғайтын қосымша 3 бөгет салынады
ашық дереккөзі
Қазақстанда биыл құны 100 млн доллар болатын селден қорғайтын үш бөгет салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР ІІМ ТЖК бастығының орынбасары Талғат Нұрмағамбетовтің айтуынша, қазір Қазақстанның таулы аймақтарында еріген мұздықтардың көлемі көбейе түскен. Бұған бүкіл әлемдегі климаттың өзгеруі ықпал етуде. Осыған байланысты сел қауіпсіздігінің алдын алу шараларын нығайту көзделіп отыр. «Бірінші кезекте қандай қауіп тұрғанын бақылау маңызды. Себебі соңғы 3 жылда мұздық көлдерінің саны 10%-ға артқан. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде сел қаупінің алдын алатын 3 бөгет салу жоспарланды. Бұған 100 млн АҚШ доллары шамасында қаржы жұмсалады», - деді Талғат Нұрмағамбетов. Одан бөлек су тасқынының алдын алу шаралары да нығая түспек. «2018 жылы 204 шара жүзеге асырылды. Оған 38 млн АҚШ доллары жұмсалды. Бұл қаражат 107 бөгет, 71 гидротехникалық құрылғы, 8 көпір, 12 автожол салуға бағытталды», - деді ол.