Мұғалімнің айлығы 300 мың теңге болуы керек

Мұғалімнің айлығы 300 мың теңге болуы керек

Мұғалімнің айлығы 300 мың теңге болуы керек
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева мұғалімнің айлығы 300 мың теңгеден кем болмауы керек деп есептейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Педагогтардың айлық ақысын есептеу үшін пайдаланылатын базалық индикатор - базалық лауазымдық жалақыны (БЛЖ) күнкөріс минимумына ауыстыруды ұсынамыз. Егер мұндай өзгеріс енгізілетін болса, біздің педагогтардың айлығы екі есеге артатын еді», - дейді Айгүл Мұқашева қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен Астанада өтіп жатқан дөңгелек үстелде. Оның айтуына қарағанда, қазіргі уақытта елімізде мұғалімдердің еңбекақысы орташа есеппен 102 мың теңге. «Біздің ойымызша, біздің мұғалімдердің айлығы 300 мың теңгеден кем болмауы керек. Егер осылай ете алсақ, мұғалім мамандығына жастар барар еді. Себебі, қазіргі уақытта мұғалімнің айлығы аз болғандықтан, жас буынның мектепке жұмысқа барғысы келмейтіні ешкімге құпия емес. Ал бізге мектепте дәл қазір креативті бағдарламалармен жұмыс істей алатын ойлы жастар керек. Егер мұғалімге жақсы айлық бере білсек, ол барын салып, жанын салып жұмыс атқаратын болады. Бірақ, қазірдің өзінде төмен айлыққа қарамастан, біздің мұғалімдер өте жақсы нәтижемен жұмыс атқаруда», - дейді ол.