«Infostrada» үздіктерге болжам жасады

«Infostrada» үздіктерге болжам жасады

«Infostrada» үздіктерге болжам жасады
ашық дереккөзі

2016 жылы Риода өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан 6 алтын медаль алуы мүмкін. Мұндай болжамды әлемдік «Infostrada» зерттеу орталығы жасады. «Infostrada» жасаған болжамдарды отандық «alaman.kz» спорт сайты жариялады. Аталған зерттеу орталығы Рио Олимпиадасында Қазақстан 6 алтын, 4 күміс, 3 қола медальмен жалпы есепте 14-орын алуы мүмкін. «Infostrada» зерттеу орталығы Риода алтыннан алқа тағатын спортшылардың атын атапты: Біржан Жақып, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Мерей Ақшалов, Зүлфия Чиншанло, Владимир Седов. Зерттеу орталығының мәліметіне сүйенсек, зілтеміршілер Илья Ильин мен Жасұлан Қыдырбаев, боксшылар Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко күміс медаль еншілейді екен. Ал қола медаль иегерлері қатарына Жазира Жаппарқұл, Берік Әбдірахманов, Қайрат Ералиевті қосыпты. «Infostrada» агенттігі Риода үздік өнер көрсететін ондықты да көрсетіпті. Олардың көшін АҚШ 47 алтын медальмен бастайды деген болжам бар. Одан кейінгі орындарда Қытай, Ресей, Франция, Германия, Австралия, Ұлыбритания, Бразилия, Жаңа Зеландия бар. Ал үздік ондықты Венгрия еліне түйіндетіпті.