Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды
Асқар Мамин премьер-министр болып тағайындалды
Мәжіліс депутаттары премьер-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Парламент Мәжілісі депутаттары үкіметтің жаңа басшысы қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасын мақұлдады», - делінген хабарламада.
Мұның алдында отырыс барысында Назарбаев премьер-министр қызметіне Маминнің кандидатурасын ұсынған еді.
Асқар Мамин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын және Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған. "Қазақстан Темір Жолы" АҚ басқарды, Астана әкімі және көлік және коммуникация министрі қызметтерін атқарды. Бірінші вице-премьер лауазымында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істеді. Үкімет тараған уақытта премьер-министрдің міндетін атқарды.
Еске салайық, 21 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев үкімет отставкаға кетуі тиіс деген мәлімдеме жасаған болатын. "Мен "Нұр Отан" партиясының жақында өтетін съезінде әлеуметтік қолдауды күшейтуге және азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға арналған бірқатар шаралар ұсынамын. Бұған бюджеттен және Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетін болады", - деген еді Мемлекет басшысы.