Ақпарат құралдары арасында зор беделге ие

Ақпарат құралдары арасында зор беделге ие

Ақпарат құралдары арасында зор беделге ие
ашық дереккөзі
«Túrkistan» газеті – еліміздің ақпарат кеңістігінде өзіндік бет-бейнесі қалыптасқан, өз үрдісі, көзіқарақты оқырманы бар, маңдайалды сараптамалық басылымдарының бірі. Ширек ғасыр бойы «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» бола білген газет ұжымы еліміздің саяси, экономикалық ахуалын сараптап, ұлт тарихы мен дін, өнер тақырыптарында үздіксіз ақпарат беруде. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі, ұлттық, рухани мәселелерді талқылап, қоғам өмірінің айнасы болуды басты мақсат тұтқан басылым қазақ халқына ғана емес, күллі түркі жұртына танымал. Біз үшін, яғни оқырмандар үшін, газет бетіне жарияланған материалдардың әлеуметтік бағыттылығы мен құнды идеялардың өміршеңдігі маңызды болып қала бермек. Ширек ғасырдың мерейтойына орай халықаралық «Túrkistan» газетінің ұжымына, барлық журналистерге шығармашылық шабыт, еңбектеріне табыс тілеймін! Қазақстанның өркендеуі жолында қаламдарыңыз мұқалмай қызмет ете беріңіздер.  

Ерік Бесимбаев,

Қазақтың Бас Сәулет-Құрылыс Академиясының

вице-президенті