23 Ақпан 2019, 14:05 539 0 Көлік Назым Тойлыбаева

Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

Алматыда жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатып апатқа ұшырады, деп хабарлайды  tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы Розыбакиев пен Өтепов көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, шамы қосулы жедел жәрдем Розыбакиев бойымен солтүстік бағытта бағдаршамның қызыл түсіне өтіп бара жатқанда, Өтепов көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатқан Skoda автокөлігі тоқтап үлгере алмай, апат болған. Соққыдан «ГАЗель» бір қырына аударылып қалды. Салдарынан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Ол түрлі жарақат алып жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.  Сондай-ақ, Skoda көлігіндегі жолаушы қыз зардап шекті, бірақ ол қаралғанна кейін оқиға болған жерде қалды.  Жағдайдың анық-қанығын қалалық полицейлер анықтап жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар