Жаңалықтар

«Ерменсай» қосалқы станциясы қайта жаңғыртылды

ашық дереккөзі

«Ерменсай» қосалқы станциясы қайта жаңғыртылды

Алматыда төтенше жағдайлар туындататын және электр энергиясының апаттық жағдайда сөндірілуіне әкеліп соқтыратын қауіп-қатер түпкілікті жойылды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Самұрық-Энерго» электр энергиясы холдингінің Алматы энергия кешеніне қарасты ұйым, жүктемені «Горный гигант» станциясынан қайта жаңғыртылған «Ерменсай» қосалқы станциясына ауыстыру жобасын аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, қаланың жоғарғы бөлігінде, тау бөктерінде орналасқан «Горный гигант» қосалқы станциясы Алматы қаласының Бостандық, Медеу аудандарының, Әуезов және Талғар аудандарының бір бөлігінің тұрғын үй және өнеркәсіп нысандарын электр энергиясымен жабдықтап келді. Электр қондырғысы қаладағы ең тозығы жеткендердің бірі болатын. Одан тыс, трансформаторларға мейлінше жоғары жүктеме түскендіктен, жаңа тұтынушыларды қосудың мүмкіндігі сарқылған еді. Электрмен сенімді түрде қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Инвестициялық-инновациялық кеңесі және Басқармасы 2016 жылы жобаның инвестициялық кезеңін іске асыруды мақұлдады. Құрылыстың жалпы құны 6,7 млрд.теңгені құрады. Жобаны іске асыру аясында «Ерменсай» қосалқы станциясынан бастап шамамен 40 шақырымдай кабель желілері құрастырылып, іске қосылды: «Горный гигант» қосалқы станциясының тұтынушыларын «Ерменсай» қосалқы станциясына қосу үшін, ұзындығы 11 шақырымнан асатын екі әуе желісі қайта құрастырылды; электр энергиясын қабылдауға, бөліп-таратуға және беруге арналған жоғары вольттік қондырғы кеңейтіліп, қайта жаңғыртылды; энергияны есептеу жүйелері мен аварияға қарсы автоматика және реле қорғанысы қондырғылары қосымша орнатылды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, бұған дейін сенімсіздеу 220/110/10кВ «Горный гигант» қосалқы станциясына қосылған тұтынушылар, «Самал», «Қазақфильм», «Бағанашыл», «Таугүл» шағын аудандарының тұрғындарын және т.б. қоса алғанда, 220/110/10 кВ «Ерменсай» жаңа қосалқы станциясына ауыстырылды. «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Мұхит Үмбетов атап өткендей, жобаны сәттілікпен іске асыру болуы ықтимал авариялардың алдын алып, оңтүстік астананы электрмен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыруға ғана емес, жаңа тұтынушыларды қосуға шектеулерді алып тастауға және таратылатын электр қуатының көлемін ұлғайтуға да мүмкіндік берді. Компания басшысының сөзінше, жүктемені ауыстыру жұмыстары аяқталған соң, «Горный гигант» қосалқы станциясының алаңында оны бөлшектеу процесі басталды. Бүгінгі таңда «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ компанияның 2016-2020 жылдарға дейінгі кезеңге арналған Инвестициялық бағдарламасында көзделген жобаларды іске асыруды, солардың қатарында -  220/110/10 кВ №7 «АХБК" қосалқы станциясын қайта құруды, 110/10 кВ "Кокозек" қосалқы станциясының құрылысын бастауды, Алматы қаласының Түрксіб, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Алатау аудандарындағы желілерді қайда жөндеуді жоспарлап отыр. Атап өту қажет, 2018 жылғы маусымда Алматы қаласында «Түрксіб» (бүгінде – «Жас Қанат») қосалқы станциясы іске қосылған болатын. Бұл нысанды іске қосу арқылы «Самұрық-Энерго» АҚ 2008 жылы басталған Алматы қаласын энергетикалық қайта жарақтандыру бағдарламасын аяқтады. Жаңа қосалқы станция трансформаторлық қуаттылықты 30 МВА арттырып, Түрксіб ауданының орталық бөлігі мен «Жас Қанат» шағын ауданын электрмен қамтамасыз етті. Анықтама: «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр желілерінің сенімді жұмыс істеуін және тиімділікпен дамуын қамтамасыз етіп отырған энергия беруші аса ірі өңірлік компания. «Самұрық-Энерго» холдингінің құрамына кіреді. «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы аса ірі электр энергетикалық холдинг, акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға тиесілі.  2007 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электр энергиясын жеткізу, бөліп-тарату және сату; энергетикалық көмір өндіру. Холдингтің құрамына энергия және көмір өндіру кәсіпорындары, соның ішінде: «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Алматы электр станциялары» АҚ, «О.Д. Қантаев атындағы Мойнақ су электрстанциясы» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т.б. кіреді.