«Túrkіstan» ұжымы – Еуразия ғылыми-зерттеу институтында
«Túrkіstan» ұжымы – Еуразия ғылыми-зерттеу институтында
Бүгін халықаралық «Túrkіstan» газетінің ұжымы Еуразия ғылыми-зерттеу институтында қонақта болды. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-түрік университетінің аясында жұмыс істейтін ғылыми мекеме түрлі зерттеу жұмыстарымен айналысады.
Сондай-ақ, институт басшылығы бүгінде қазақ зиялыларының мерейтойын атап өту мен мол мұрасын насихаттауға атсалысып келеді. Соның бірі ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына байланысты кітаптар жарық көргенін айта кеткен жөн. Бұдан бөлек Еуразия ғылыми-зерттеу институтының директоры Вакур Сүмер Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында "Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. ...Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі" деген пікірін дәлелдейтін дүниелер табылғанын да тілге тиек етті.