Өзіндік үні бар басылым

Өзіндік үні бар басылым

Өзіндік үні бар басылым
ашық дереккөзі
Халықаралық «Túrkistan» газеті ел тәуелсіздігімен қатар дамып, қазақтың ұлттық мәселелерін, қоғамның өзекті жайттарын нысана етіп келе жатқан басылым. Газет бетінде қаншама күрделі, қиын мәселелер жазылды, елдің тізгінін ұстаған азаматтармен бірге қоғамдық мәселелер талқыланды. Халқымыздың даңқты перзенттері «Túrkistan» арқылы қазақ  қоғамына жаңа қырынан танылды. Түркі жұртының қара шаңырағы – Қазақстанның басты басылымдарының біріне айналды. Газеттің мерейтойымен құттықтай  отырып, «Túrkistan» ұжымына тек  шығармашылық  шабыт,  телегей табыс, ерен еңбектеріңіз  жемісті болсын деп тілеймін!  

Әмірлан Құсайынов,

Қазақ-Америка университетінің

президенті, т.ғ.д., профессор, академик