Тереза Мэй мәлімдеме жасады

Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығу келісімшартына өзгерістер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Брюссельде өткен келіссөздер нәтижесі бойынша Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер мен Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй осындай мәлімдеме жасаған. Сондай-ақ олар Солтүстік Ирландияның кеден одағы мен ортақ нарықта қалуын қамтамасыз ететін уақытша кепілдіктердің тізімін талқылаған. Қос басшы Ирландия аралында «қатал шекараның» пайда болуына жол бермейтінін және екі тараптың ішкі нарықтарының дербестігін сақтайтынын мәлімдеді. Брексит бойынша келіссөздердің келесі кезеңін осы айдың аяғында өту жоспарланған.

«Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкермен кездесуіміз табысты өтті. Барлық тараптарды қанағаттандыратын шешім шығару жұмысын жеделдетуге келістік. Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуын реттеуге қос тарап та мүдделі. Бұл істе алға басушылық бар», – деді Ұлыбритания премьер-миниcтрі Тереза Мэй.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button