Путин көп балалы отбасыларға салықты азайтуды ұсынды

Путин көп балалы отбасыларға салықты азайтуды ұсынды

Путин көп балалы отбасыларға салықты азайтуды ұсынды
ашық дереккөзі
20 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин халыққа жолдауын жолдады. Биылғы жолдауында Путин «Отбасыға салынатын салық мөлшерін азайту керек. Яғни, көп бала – аз салық» деді. Айта кетейік, Ресейде үшінші балаға біржолғы төлем 450 мың рубль, теңгеге шаққанымызда 2 млн 250 мың теңге көлемінде. Сонымен қатар, 10 сотық жер телімін немесе оның ақшалай эквивалентін береді. Екінші бала үшін 270 мың рубль – 1 млн 442 мың теңге беріледі. Ресейде үш және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар ана көпбалалы ана атана береді. Бұл туралы РФ Заңы 2012 жылы қабылданған. Сондай-ақ, Ресей Федерациясында көпбалалы аналар үшін коммуналдық төлемдерге жеңілдік жасалған. Егер отбасыда 3-4 бала болса, коммуналдық төлемге ай сайын 522 рубль, ал 5 немесе одан көп бала болса, 1044 рубльге дейін жеңілдіктер қарастырылған. Ал бізде тек 7 не одан көп баласы бар «Алтын алқа» иеленген ана ғана пәтерақы төлемдерінен түгел босатылады. Мереке күндері Ресейде  10 немесе одан да көп балалары бар отбасылар ақшалай сыйлық алып тұрады. Халықаралық отбасылар күнінде 10 мың рубль (53 мың теңге), ал Білім күніне көпбалалы отбасыларға 15 мың рубльден (80 мың теңгеден) төленеді. Путиннің жолдау кезінде айтқандары:
  • 200 мың бала жылуы, суы және канализациясы жоқ мектепте оқып жатыр. 2021 жылдың соңына дейін барлық мектеп 50-100 мбит/секунд жылдамдығы бар интернетке қосылуы тиіс.
  • 2020 жылы шағын қалалар мен ауылға барып сабақ бергісі келген мұғалімдерге бір реттік 1 миллион рубль төлейтін бағдардама ашуды тапсырамын.
  • 2000 жылы Ресейде 40 миллион адам кедейлік шегінде өмір сүрген. Қазір мұндай 19 миллион адам бар. Мұның өзі өте көп.
Путин жолдауында халықпен әлеуметтік келісімшарт жасасып, жұмысқа орналасуға, біліктілік арттыруға, кәсіп бастауға көмектесуді ұсынды. Ол табысынан айырылған адамдарға несиелерін кейін төлеуге мүмкіндік беретін «ипотекалық каникул» жүйесін енгізу керектігін айтты.