АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҒА БАССА...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ АЛҒА БАССА...
Етті мал шаруашылығында неғұрлым сапалы және тиісіншенеғұрлым қымбат асыл тұқымды өнімге сұранысты ұлғайту мақсатында асыл тұқымды өнім сапасынабақылау күшейтілетін болады, республикалық палаталар мен мемлекет тарапынан селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың сапасын бағалау тетіктері жетілдірілетін болады. Сондай-ақ материалдық-техникалық базасы бар және селекциялық және асыл тұқымдық жұмысты жүргізуді тиісінше жүзеге асыратын асыл тұқымдық репродукторлар өнімінің сапасын арттыру есебінен асыл тұқымды жануарларды сатып алу ынталандырылатын болады.
Малды тұқымдық жақсарту, сондай-ақ бордақылау тиімділігін арттыру мақсатында жеке қосалқы және фермерлік шаруашылықтарда асыл тұқымды бұқалардың әлеуеті пайдаланылатын болады.
(Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан үзінді)
2018 жылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Егер бағдарлама жоспарлы түрде толық жүзеге асырылса, ауылшаруашылығындағы еңбеккердің еңбек өнімділігін 4,0 млн теңгеге дейін ұлғайтуға, қайта өңделген өнім экспортын 2,7 млрд АҚШ долларына дейін арттыруға; ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2 есеге дейін көбейтуге мүмкіндік бар. Сондай-ақ, саланың негізгі капиталына инвестициялар түсімін 3 есе, тартымды несие қаржыларының көлемін 9 есе көбеюі мүмкін. Ол үшін азық-түлік қауіпсіздігі мен өткізу нарығына қолжетімділік, экспорттық әлеуетті дамыту міндетті болып отыр.
Мемлекеттік бағдарламада өндірістің ішкі мүмкіндіктері мен сыртқы нарықтың әлеуетін салыстыру және талдау негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі ұзақмерзімді келешегі ет мал шаруашылығы екендігі айтылған. Бүгінде 180 млн гектар аумақты алып жатқан жайылымдық жердің 58 млн ғана қолданыста болса, еңбекке жарамды 3,8 млн ауыл халқының небәрі 1,3 млн ауылшаруашылығында жұмыспен қамтылған. Бес жылда бұл жағдайды түзеу үшін жүйелі жұмыстар жүргізіледі.
Сүт өнімдерін өндіру көлемін ұлғайту, ішкі нарықты қорғау, мемқолдау арқылы биоқауіпсіздік тәуекелдерін төмендету: несиелер бойынша пайызды төмендету, жанама субсидиялау және қаржыландыру мерзімдерін ұзарту да бағдарлама міндеті. Сондай-ақ, қолданыстағы мемлекеттік қолдау механизмдерін жетілдіру арқылы сәйкесінше құс еті мен жұмыртқа экспортының көлемін 150 мың тоннаға дейін және 1500 млн данаға дейін өсіру керек делінген. Өсімдік шаруашылығы да назардан тыс қалмайды. Дамыған өсімдік шаруашылығы жемшөп базасын, соның ішінде, суармалы жайылымды дамыту үшін шексіз әлеуетке ие ( 2021 жылға қарай суармалы жер ауданы 2 млн гектарға дейін, 2030 жылға қарай 3 млн. гектарға дейін жеткізілетін болады). Дәнді-дақылдар сапасын жақсарту және минералдық тыңайтқыштарды өсімдік шаруашылығына енгізу, сондай-ақ, суармалы жерлерді қарқынды игеру және ылғалды ресурс жинақтаушы технологияларды енгізу өзекті жайттар. Осы арқылы 600 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, айналымға қосымша 50 млн гектар жайылым енгізіледі. Сиыр және қой өндірісін 600 мың тоннадан 1,6 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделуде. Бұл ІҚМ етін экспорттау бойынша 5 көшбасшы елдер қатарына кіруге мүмкіндік береді.