Жаңалықтар

Әкімдер есебі: Көпбалалы отбасыларға көп уәде берілді

ашық дереккөзі

Әкімдер есебі: Көпбалалы отбасыларға көп уәде берілді

Соңғы жылдары әкім-қаралар халыққа тұрақты түрде есеп беруді үрдіске айналдырды. Бұл керек те. Себебі мұндай кездесуде мақтау мен мадақтау ғана емес, жұрттың бетпе-бет келіп отырған түйткілдері ашық айтылады. Тұрғындар кейбір сауалдарына тікелей әкімнің өзінен жауап алуына мүмкіндік алады. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, әкімдер биылғы есебінде қоғамда жиі талқыға салынған көпбалалы аналардың жағдайына көбірек тоқталды.   Астана. Көпбалалы отбасылардың баспана мәселесі шешіледі Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен жыл сайынғы есепті кездесуі кезінде қаладағы көпбалалы немесе толық емес отбасыларды қолдауға бағытталған тұрғын үй бағдарламасы жайында айта кетті. Әкім қалалықтарға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, Алматыда «Бақытты отбасы» арнайы әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы қолға алынады. «Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасының көпшілігі тұрғын үйдің алғашқы жарнасын төлей алмайтындықтан қала бюджетінен 1 млн теңгенің тұрғын үй сертификаттары беріледі. Алғашқы жарна пәтер құнының 10%-ын құрайды, төлем 18 жылға 2%-бен. Біз өткен екі жыл ішінде «Алматы Жастары» бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асырдық. Құны 10 миллионға дейінгі 238 пәтер жас отбасыларға 5%-дық несиелермен берілді. Бұл істе нақтылы тәжірибеміз бар», – деді  Бауыржан Байбек. Жаңадан салынған үйлердегі құны 15 млн теңгеден аспайтын шағын пәтерлерге ғана несиелер беріледі. Биыл Алатау және Наурызбай аудандарында осындай 500-ден астам пәтер беріледі. Бұдан өзге, ескі үйлер сүріліп, олардың орындарына жаңалары салынады. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша бес жыл ішінде 23 пәтер салу жоспарланған. Айта кетерлігі, соңғы 3 жыл ішінде 10 мыңнан астам  алматылық отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Оның ішінде 1356 пәтер қалалық тұрғын үй қорынан бөлінді, 8 мыңнан астамы жеңілдетілген ипотека бойынша таратылды. Жаңа қонысқа ие болғандардың 40%-ы әлеуметтік жағдайы төмен категориядағылар: 2375 пәтер көпбалалы және толық емес отбасыларға, 564-і мүмкіндігі шектеулі жандарға, 345 пәтер жетім балаларға, 165 пәтер зейнеткерлер мен ардагерлерге берілді. Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі көпбалалы отбасылардың балалары балабақшаға тегін баратынын айтып, тұрғындарды қуантып қойды. «Жүздеген өтініштер сараланды, ең өткір мәселелер – тұрғын үй, коммуналдық қызмет төлемі, оқу мен жұмысқа орналасу. Барлық өтініштер, атаулы әлеуметтік көмек әдісінің өзгерісін қоса Үкімет жанындағы жұмыс тобына жіберілді. Әкімдік деңгейінде де қозғаушы күштер мен ресурстар бар, сондықтан біз бірқатар кешенді шараларды жасадық», – деді әкім. Сонымен қатар, қала басшысы көпбалалы немесе мұқтаж отбасылардың балаларын балабақшаға тегін апаруға мүмкіндігі болатынын айтты. «Өздеріңіз білесіздер, ата-аналар балабақшадағы баланың тамағы үшін 18 мың теңге ғана төлейді, қалған 27 мың теңгені мемлекет субсидиялауда. Тек өткен жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша балабақшадағы 51 мың орынға 16 млрд теңге бөлінді. Биыл бұл сома 1,8 миллиардқа артты. Егер көпбалалы тұрмысы төмен отбасының екі және одан да көп баласы балабақшаға баратын болса, онда отбасылық бюджет жүктемесі де жоғары болады. Сондықтан «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен отбасылардың екінші баласынан бастап балабақша тегін болады», – деді Бауыржан Байбек. Айта кету керек, қазіргі кезде тұрмысы төмен отбасылардағы 14 мыңнан астам балаға мектептерде ыстық тағам беріледі. 3475 бала мектеп формасымен қамтылған, 2333 балаға қаржылай көмек көрсетіледі, 1050 балаға жазғы лагерьлерге жолдама берілді.  Түркістан облысы. Жетімдер үйі жабылады Соңғы 5 жылда Сыр өңірінде 200 әлеуметтік нысан іске қосылды. Сондай-ақ бірнеше жыл бойы құрылысы бітпей жатқан 34 ірі әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. 2013 жылдан бері облыста жаңадан салынған 45 мектеп жас өрендерге құшағын айқара ашты. Оның ішінде 37-сі ұзақ жылдан бері ілдәлдалап келе жатқан апаттық жағдайдағы мектептер еді.  Мұндай келеңсіз көріністер өңірдің денсаулық сақтау саласында да кездесетін. Соңғы 5 жылда осындай күйде тұрған 49 ғимарат жаңаланды. Жалпы алғанда, медицина саласында 57 нысан елдің игілігіне айналды. Алдағы екі жылда 8 ғимарат құрылысы аяқталады деп күтілуде. Олардың қатарында шалғай ауылдардағы денсаулық сақтау орындары да бар. Қуанарлығы, өңірдің мәдениет саласында да игілікті істер атқарылды. 2013 жылы облыста «Мәдени мұра» бойынша ғылыми-әдістемелік кеңес құрылды. Осының нәтижесінде Қорқыт ата мәдени мұрасы және облыстың 9 мәдени-тарихи ескерткіші ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік тізіміне енгізілді. Былтыр күрішшілер су тапшылығына қарамастан, 473 мың тонна өнім жинап, Моңғолия, Түркия және Ауғанстан нарығын игеруде. Өткен жылы өңірде дәстүрлі өнімнен бөлек, Иранға экспортқа шығару үшін ирандық сортын өсіру басталды. Қазіргі уақытта бірінші партияны – 500 тонна ирандық күріш сортын – киллограмы 810 теңгеден, яғни бүгінгі экспорттық бағадан 4 есе жоғары бағада жөнелту жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, егіншілікті дамыту суармалы жерлермен шектелгенін ескере отырып, мол өнім беретін және суды аз қажет ететін дақыл алқаптарын көбейтуге, сондай-ақ, мал шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету үшін жемдік және азықтық дәнді дақылдардың егістерін ұлғайтуға басымдық беріледі. 2018 жылы күріш егісі 3 мың гектарға кеміді, ал майлы дақылдар егісі, атап айтқанда мақсары 2013 жылы 1659 гектардан 2018 жылы 8404 гектарға дейін ұлғайды. Бұл мақсары майын өндіруді ұйымдастыруға және былтыр алғаш рет осы өнімнің 50 тоннасын Қытай нарығына шығаруға мүмкіндік берді. Қытайға жыл сайын 2,4 мың тоннадан кем емес мақсары майын жеткізу бойынша келісімшарт жасалды. Осының есебінен өсімдік шаруашылығы өнімдері экспортының 28 пайызының өсуін қамтамасыз етуге болады. Былтырдан бастап аймақта соя және азықтық дақылдар – судан шөбі, қант құмай сияқты мол  дақылдарды енгізу жұмыстары басталды. Биыл күріш егісін тағы 2171 гектарға азайтып, 4068 гектарға азықтық және 1293 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдары егіледі.  Атырау облысы. Көпбалалы аналар жаңа кәсіпке оқытылады Маңғыстаулық мүгедек балалардың ұшақпен тегін жүруіне мүмкіндік жасалады. Қазіргі таңда квота бойынша емдеу және оңалту іс-шараларынан өту үшін республикалық орталықтарға баратын кезде  мүгедек бала мен ата-анасының бірінің теміржол шығынын өтеу қарастырылған. Маңғыстау облысы орталықтан шалғайда орналасқандықтан денсаулық сақтау басқармасының жолдамасы бойынша мүгедек бала мен ата-анасының біреуінің екі бағыттағы ұшақпен жол жүру құнын (Астана және Алматы қалаларына) төлеу туралы шешім қабылданды. «Бұдан бөлек, республикалық клиникаларда және облыс орталықтарында денсаулық сақтау басқармасы комиссиясының жолдамасы бойынша мамандандырылған медициналық көмек алу кезінде аз қамтылған отбасылардың барлық балаларына теміржол көлігімен жол жүру шығындары өтеледі», – деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов бүгінгі халыққа есеп беру кездесуінде. Ақтөбе облысы. Балабақша мәселесі 100 пайыз шешіледі