Сыбайлас жемқорлық - қауіпті індет

Сыбайлас жемқорлық - қауіпті індет

Сыбайлас жемқорлық - қауіпті індет
ашық дереккөзі
XXI ғасырдың басты індетіне айналып, қоғамға қасірет орнатқан - сыбайлас жемқорлық. Халықтың барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жүзеге асып келеді. Сонымен қатар, Қазақстан осы мәселе жөніндегі халақаралық конвенцияларға қосылған алғашқы мемлекеттердің бірі болып табылады. 2014 жылы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» қабылданды.  Жемқорлықты жеңу – Қазақстан үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаев нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сол себепті Елбасы өзінің «Қазақстан 2050» стратегиясында дамыған мемлекеттің жаңа саяси басымдықтарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті атап көрсетті. Мемлекет пен қоғам тығыз қарым-қатынаста болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төтеп бере аламыз. Әрбір қоғамның даму барысында күнегей жоғымен көлеңкелі тұсы да  қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік жағдайын жақсартып, экономиканың жоғарғы деңгейге жетуін, халықтың демографикалық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалып жатқан кезде,басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйіткілді мәселеге айналып отырғандығы шындық. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитеттің қалыптастырылуына оқу орындарынан бастағанымыз дұрыс. Жас ұрпақтың санансында жемқорлыққа деген төзбеушілік сезімін айтуымыз керек. Ел ертеңін қалыптастыратын жалынды жастар ретінде, аманаттың ауыр жүгін арқалай отырып, санаға серпіліс, қоғамға өзгеріс орнатайық.

Ануарбек Асқат Орынбекұлы

Кентау қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы