Көпбалалы аналарға көрсетілер қамқорлық

Көп балалы, жалғызбасты және әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарды қолдауға арналған шара бірінші кезекте 200 адамды қамтиды, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда «Жайық» спорт кешенінде облыс әкімінің есеп беру кездесуі жалғасуда. Нұрлан Ноғаев екі мың адамның алдында «Атырау облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы» баяндама жасап, биылғы жоспарларды атап өтті.

485ab7ff 7865 41d2 9e97 a09670c2c7eb 1

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, қазір аймақта көп балалы жұмыссыз аналарды, жалғызбасты, мүгедек бала тәрбиелеп отырған және әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарды қолдауға бағытталған жаңа шаралар жасалған. Шара аясында аналар жаңа мамандық меңгерудің қысқа мерзімді курстарына қатысады. Бірінші кезеңде курсқа 200 адам қатысады деген жоспар бар. Әйелдердің таңдауларына 10 кәсіби бағыт беріледі, курс 15 күнге дейін созылады. Оқу аяқталған соң қатысушыларға сертификат беріледі.

«Курстарды Азаматтық орталықтың мамандары дайындады. Біздің мақсатымыз – әйелдерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, сол арқылы өз істерін бастап, мақсаттарын айқындап, алға қарай дамуларына қолдау көрсету. Бүгінде өңірдегі кәсіпкерлердің 47% – әйелдер. Бұл көрсеткішті әлі де арттыру керек», – деді Атырау облысының әкімі.

Жұмыссыз аналарды оқытатын он бағыттың ішінде тігінші, аспаз, шаштараз, маникюр, визаж, бухгалтерия, емдік массаж, интернет-сауда дағдысы, SMM секілді курстар бар. Оқу аптасына үш рет жүреді, наурыз айынан бастап топ жиналады.

42f80fe2 4b21 45b7 a0ac d58777283c13

-Курс барысында әйелдер жаңа мамандықты игеріп қана қоймай, әлеуметтік желілерде іс жүргізу, маркетинг пен бизнес негіздеріне онлайн режимде оқи алады, – деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, Атырау облысында 1 ақпан 2019 жылғы мәлімет бойынша, 12 249 көп балалы ана жәрдемақы алады, оның ішінде 5557 «Күміс алқа», 3594 «Алтын алқа» иегерлері, 10 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 983 батыр ана бар. Мемлекеттен жәрдемақы алатын аналардың жалпы саны – 22 383 адам.

Мекен-жай әлеуметтік көмегін 2035 отбасы (10949 адам) алады.
Курстарға оқуға жұмыссыз көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған және әлеуметтік осал топтағы аналар шақырылады.

04b940d5 3a54 4ca6 b0d5 1d431540f995

Атырау облысында 11 қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарлануда

Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс тұрғындары алдында есептік кездесуде айтты, – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Облыста 2017-2021 жылдарға арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жөнінде өңірлік бағдарлама қабылданды. Бүгінде облыстағы қоқыс полигондарында 2,3 млн тонна әр түрлі қалдықтар сақталуда. Өткен жылдың өзінде 112 мың тонна ҚТҚ жиналды. Қоқыс жинайтын жаңа полигондар құрылысы – қажетті жұмыс, -деді Нұрлан Ноғаев.

142f5a17 edb6 4f45 a0a2 cfc76268ac5e

Табиғат қорғау шараларының аймақ үшін маңызы зор. Өткен жылы облыста өңір экологиясына теріс әсерді азайтуға бағытталған 47 шара өтті. Қаржыландырудың жалпы сомасы 4,9 млрд теңге болды.

Қазір Атырау облысындағы 11 елдімекенге қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарланып отыр.

Back to top button