Жаңалықтар

Көпбалалы аналарға көрсетілер қамқорлық

ашық дереккөзі

Көпбалалы аналарға көрсетілер қамқорлық

Көп балалы, жалғызбасты және әлеуметтік жағынан аз қамтылған аналарды қолдауға арналған шара бірінші кезекте 200 адамды қамтиды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда «Жайық» спорт кешенінде облыс әкімінің есеп беру кездесуі жалғасуда. Нұрлан Ноғаев екі мың адамның алдында «Атырау облысының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары туралы» баяндама жасап, биылғы жоспарларды атап өтті.

-Курс барысында әйелдер жаңа мамандықты игеріп қана қоймай, әлеуметтік желілерде іс жүргізу, маркетинг пен бизнес негіздеріне онлайн режимде оқи алады, - деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, Атырау облысында 1 ақпан 2019 жылғы мәлімет бойынша, 12 249 көп балалы ана жәрдемақы алады, оның ішінде 5557 «Күміс алқа», 3594 «Алтын алқа» иегерлері, 10 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған 983 батыр ана бар. Мемлекеттен жәрдемақы алатын аналардың жалпы саны – 22 383 адам.

Мекен-жай әлеуметтік көмегін 2035 отбасы (10949 адам) алады. Курстарға оқуға жұмыссыз көп балалы аналар, жалғызбасты аналар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған және әлеуметтік осал топтағы аналар шақырылады.

Табиғат қорғау шараларының аймақ үшін маңызы зор. Өткен жылы облыста өңір экологиясына теріс әсерді азайтуға бағытталған 47 шара өтті. Қаржыландырудың жалпы сомасы 4,9 млрд теңге болды. Қазір Атырау облысындағы 11 елдімекенге қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу жоспарланып отыр.