19 Ақпан 2019, 17:24 493 0 Спорт Назым Тойлыбаева

Абылайхан Жүсіпов Болгариядағы халықаралық турнир финалына шықпайтын болды

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Болгарияда өтіп жатқан "Странджа" халықаралық турнирінің финалына шықпайды,  деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жүрген Жүсіпов финалда өзбекстандық Бобо-Усмон Ботуровпен жұдырықтасу керек болатын. Алайда қазақстандық боксшы жарақатына байланысты жарысты жалғастыра алмайды. Осылайша, Жүсіпов жарыстың күміс жүлдегері атанып отыр. Ал Қазақстан құрамасынан финалда тағы төрт боксшы  әр түрлі салмақта бас жүлдеге таласатын болады.

Соңғы жаңалықтар