Алматыда Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды

Алматыда Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды

Алматыда Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды
ашық дереккөзі
Google байқауының алматылық жеңімпазы Еркебұлан Бердібеков қайтыс болды. Оның еңбектерін Google лайықты деңгейде бағалаған болатын,  деп хабарлайды Tengrinews.kz. Туыстарының айтуынша, ол 12 ақпанда қайтыс болған. Жігіт алматылық ауруханада аурудан көз жұмған. Оның жасы 30-да болған. Еркебұлан Бердібеков - Қазақ-Британ техникалық университетінің түлегі. Ол машинамен оқыту мәселелерін зерттеумен айналысқан. 2017 жылы қарашада ол Google Brain өткізген Kaggle-дегі DataScience нейрон желілер бойынша зерттеу жарысының жеңімпазы атанды. Қазақстандық нейрожелілер бойынша Google байқауында үздіктердің бірі атанды. Айта кетейік, Google Brain - Google зерттеу жобасы. Онда компьютерлік оқыту саласындағы ашық зерттеулер мен Google ауқымындағы есептеуіш қуаттармен үйлеседі.