__МаңыздыЖаңалықтарҚоғам

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

2019 жылы наурызда қазақстандықтарды екі демалыс күні күтіп тұр – 8 наурыз және Наурыз мейрамы. Сондықтан наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады және 17 жұмыс күні болады,  деп хабарлайды tengrinews.kz Uchet.kz-сілтеме жасап.

8 наурыз жұма күніне тұспа-тұс келіп тұр. Сондықтан Халықаралық әйелдер күні үш күнге созылады – 8-нен 10 наурызға дейін, сенбі және жексенбі күндерін қоса есептегенде.

ҚР мереке күндері туралы заңына сәйкес Наурыз мейрамында қазақстандықтар 21-23 аралығы демалады. 23 наурыз сенбіге тұспа-тұс келеді. Сол үшін демалыс күні 25 наурыз дүйсенбіге ауысады. Наурыз мейрамында қазақстандықтар 5 күн демалады – 21-25 наурыз аралығы.

Back to top button