Димаш пен Данэлия The World's Best шоуының екінші раундында кімдермен бақ сынайды

Димаш пен Данэлия The World's Best шоуының екінші раундында кімдермен бақ сынайды

Димаш пен Данэлия The World's Best шоуының екінші раундында кімдермен бақ сынайды
ашық дереккөзі
Американың The World's Best шоуына қатысып жатқан қазақстандық әншілер Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешова екінші раундта өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске сала кетейік, «The World's Best» шоуының екінші эпизодының қорытындылары бойынша Димаш 100-ден 98 ұпай жинаған болатын. Әнші бірінші раундта әнсүйер қауымның құлағының құрышын қандырған S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады. Ал 12 жастағы Данэлия Төлешова әнші Andra Day-дің Rise up композициясын орындады. Еске сала кетейік, жас дарын иесі осы әнмен Украинадағы «Голос. Дети» шоуында тыңдармандарын тәнті еткен болатын. Американ шоуының бірінші раундында Данэлия 100 ұпайдың 96-сын еншіледі. «The World's Best» ән байқауының YouTube видеохостингіндегі ресми арнасында Димаш пен Данэлияның екінші раундта кімдермен өнер жарастыратыны туралы видео жарияланды. Онда Димашқа италиялық әнші Кристина, ал Данэлияға Жапония өкілі, скрипкашы Манами қарсылас болатыны айтылған.