АҚШ пен Еуропада демократия деңгейі төмендеп барады

АҚШ пен Еуропада демократия деңгейі төмендеп барады

АҚШ пен Еуропада демократия деңгейі төмендеп барады
ашық дереккөзі
Freedom House ұйымының жыл сайынғы баяндамасында жаһандық демократияның деңгейі 13 жыл бойы төмендеп келе жатқаны жазылған. Өткен аптада Вашингтонда жарияланған «2018 жылғы әлемдегі бостандық» атты баяндамада 1988-2005 жылдармен салыстырғанда 2005-2018 жылдар аралығындағы демократия деңгейі 37 пайыздан 23 пайызға төмендегені айтылған. Politico басылымының жазуынша, 68 мемлекетте саяси құқық пен азаматтық бостандық әлсіреп, 50 мемлекетте керісінше жақсара бастаған. Автордың айтуынша, Еуропа мен АҚШ-тағы демократия деңгейі төмендеп кеткен. «Баяндамада Еуропа мен АҚШ-та экономикалық теңсіздік артып, ол адамның жеке статусына кері әсер етіп жатқаны айтылған. Бұл демократиялық институттардың әлсіреуінің негізгі себебі болса керек»,– деп жазады басылым.