"Қолғабыс" жобасы: көпбалалы аналарға қолдау
"Қолғабыс" жобасы: көпбалалы аналарға қолдау
Түркістан облысындағы денсаулық сақтау саласында үш маңызды мәселе 100 пайыз шешімін тауып отыр. Оның біріншісі халық саны 800-ге дейінгі адамды құрайтын 62 елді мекенге модульдік медициналық пункт орнатылып, медпунктерге қажеттілік мәселесі толық шешілді.
Екінші облыс тұрғындарының түгелімен электрондық денсаулық паспорты жасалды. Үшінші медициналық ұйымдарды компьютермен қамтамасыз ету 100 пайызға жетті. Бұл туралы бүгін 2018 жылдың қорытындысы бойынша халық алдында есеп берген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.