Жаңалықтар

Алматыда ерекше көпір салынады

ашық дереккөзі

Алматыда ерекше көпір салынады

Алматыда Есентай өзенінің үстіне жалпы ұзындығы 1,5 шақырымдық алып көпір салынбақ. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 5 гектардай жер телімдері заңды түрде мемлекет меншігіне алынады. Қазір тиісті тізім жасалып жатыр. Мамандар тексеру барысында бұрынырақ салынып, кейін заң талаптарына сәйкес келмей қалған үйлерді де анықтапты. Оған қоса, кейбір нысандар тура суды қорғайтын аймақтың шекарасында тұр. Отандық сәулетшілер қазір 4 түрлі нұсқаны дайындап қойған. Енді олардың ішінен көріктісін таңдау үшін халықтың пікірі ескеріледі. «Жерлер кері қайтарылады. Суды қорғайтын аймақ деген бар, жағадан 35 метр қашықтықта. Оның бәрі мемлекеттің меншігіне қайтарылады. Ол жерге салынған үйлердің бәрі сүріледі», – дейді басқарма басшысы.