Жаңалықтар

Медициналық сақтандырудың тиімді тетігі

ашық дереккөзі

Медициналық сақтандырудың тиімді тетігі

Жуырда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалының өкілдері Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мамандарымен бірлесіп, қаладағы сауда орталықтарының бірінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақсат – тұрғын халықты: жұмыс берушілерді, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды медициналық сақтандыру жүйесі туралы, жарна мөлшері мен төлем тәсілдері туралы ақпараттандыру. БЖТ мөлшері: республикалық маңызы бар қалалар үшін - 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш); басқа елді мекендер (аудан, ауыл, т.б.) үшін - 0,5 АЕК. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер өз бетінше төлей алады немесе олардың пайдасы үшін үшінші тұлға төлейді. Бірыңғай жиынтық төлем төлеген кезде, төлем жасаған айы, жылы көрсетілуі тиіс. Банктер мен жекелеген банк қызметтерін көрсететін ұйымдарға түскен бірыңғай жиынтық төлемдер МТ-102 электронды төлем тапсырмасы бойынша Мемлекеттік корпорацияға аударылады. МТ-102 төлем тапсырмасының форматына бірыңғай жиынтық төлем төлейтін тұлғаның жеке сәйкестендірілген нөмірі; тегі, аты, жөні; туған күні, айы, жылы; төлемнің көлемі енеді. Мемлекеттік корпорация қаражат түскен күннен бастап үш операциялық күн ішінде БЖТ сомасын тиісті салаларға үлестіріп, аударады: Ал ағымдағы жылы медициналық сақтандыру жарнасының мөлшері қандай болмақ? 2019 жылы елордалық жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмыскер үшін оның табысының 1,5% мөлшерінде жарна аударады. Төлем бойынша шектеу де бар екенін ескеру керек: егер азамат ең төменгі жалақы көрсеткішінің 10 есе мөлшерінен жоғары сомада жалақы алатын болса, тек 10 ең төменгі жалақы көрсеткішінен ғана жарна төленеді. 2020 жылдан жұмыс берушілер мен басқа да азаматтар қанша төлейді? Жеке кәсіпкерлер өзі үшін тиісті қаржылық жылдағы ең төменгі жалақы 1,4 есе мөлшерінен 5% жарна төлейді. Ал мемлекет 2020 жылдан бастап халықтың 13 санаты үшін жарна аударады. Олар: балалар, зейнеткерлер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, көп балалы аналар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, бала күтіміне байланысты демалыстағы аналар, мүгедектер және мүгедек балаларға күтім жасайтын адамдар, тіркелген жұмыссыздар, жұмыс істемейтін оралмандар, студенттер, интернат тәрбиеленушілері, тергеу изоляторларындағылар мен түрмеде жазасын өтеушілер. 2020 жылдан бастап бұл қаражат Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.