Халық саны 18,395 млн адамға жетті
Халық саны 18,395 млн адамға жетті
Атап айтқанда, есептік кезеңде қала тұрғындарының саны 10 млн 638,7 мың адам немесе 57,8 пайыз, ал ауыл халқының саны 7 млн 757 мың адам немесе 42,2 пайыз болды. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында республикада 1 жасқа дейінгі 3156 нәресте өлімі тіркелді. 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 0,2 пайызға көп. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі – перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 1617 нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 51,1 пайызын құрады. Туа біткен ауытқулардан 625 немесе 19,8 пайыз, тыныс органдары ауруларынан – 197 немесе 6,2 пайыз, жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 150 немесе 4,8 пайыз нәресте шетінеді. 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында елімізге көшіп келгендер саны 2017 жылғы көрсеткіштен 20,5 пайыз азайып, қоныс аударғандар саны 11,1 пайызды құрады. Негізгі миграциялық көші-қон ТМД елдері бойынша өтіп жатыр. ТМД елдерінен келген адамдар үлесі 78,9 пайыз, көшіп кеткендер үлесі – 90,1 пайыз.