Жаңалықтар

Ғылымдағы әйелдердің үлесін қалай арттыруға болады?

ашық дереккөзі

Ғылымдағы әйелдердің үлесін қалай арттыруға болады?

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 2016 жылғы 11-ақпаннан бастап Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні аталып өтіліп келе жатыр. Атаулы дата қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жас ғалым-педагогтарының ұйымдастыруымен қазақстандық мектеп оқушыларының арасында интеллектуалды байқау өтті. Бұл туралы университеттің Баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан хабарлады.