Жамбыл облысында есірткі ошағы әшкереленді

Жамбыл облысында есірткі ошағы әшкереленді

Жамбыл облысында есірткі ошағы әшкереленді
ашық дереккөзі

Жамбыл облысында есірткі дайындайтын жерасты ошағы табылды. Тәртіп сақшылары арнайы құралдармен жабдықталған орыннан 39 жастағы күдіктіні тұтқындады.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Дельта-Долина» есірткі бизнесіне қарсы күресетін аймақаралық арнайы бөлім және Жамбыл облысы ІІД қызметкерлері бөренелермен жабылған, ұзындығы 1,5 м есірткі дайындау бункерін тауып алған. Оқиға орнынан 39 жасар есірткі дайындап шығарушы күдікті қолға түсті. Гродиков ауылының тұрғыны арнайы жабдықталған орында өткен жылдың күзінен бастап есірткі дайындап келген. Полицейлер бункердің ішінде қолдан жасалған елеуіш пен 2 темір қол орақ табылды. Тексеріс жұмыстары барысында 3 түйіншек кенепшөп, 42 кг 800 грамм марихуана, 2 кг наша тәркіленді. Аталмыш іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.