Делиде қонақүй өртеніп, 17 адам ажал құшты

Делиде қонақүй өртеніп, 17 адам ажал құшты

Делиде қонақүй өртеніп, 17 адам ажал құшты
ашық дереккөзі
Делидегі Arpit Palace қонақүйінде өрт болып, 17 адам құрбан болды. Оның ішінде жас бала да бар, деп хабарлайды  ҚазАқпарат  ВВС-ге сілтеме жасап. Бұл мәліметті Үндістан полициясы таратқан. Видеода адамдардың 4-қабаттан секіріп жатқаны көрінеді. Өрт сейсенбі күні таңғы уақытта болған. Билік өкілдері 35 адам құтқарылғанын мәлім етті. Бірнеше адам жарақат алып, ауруханаға түскен. Қонақүй Карол-Ба деп аталатын орталық ауданда орналасқан. Ол жер туристерді базарларымен, сауда сататын көшелерімен және арзан бағалы қонақүйлерімен тартады. БАҚ таратқан ақпаратқа сай, ажал құшқандардың көбі адамдардың бір-бірін жаншып-таптауынан өлген. Қазіргі сәтте оқиға неден болғаны анықталып жатыр.