Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрі болып тағайындалды

Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрі болып тағайындалды

Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы ҚР Ішкі істер министрі болып тағайындалды, деп жазды Ақорданың твиттердегі парақшасы. Полиция генерал-майоры Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі бойынша - заңгер, ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы бастаған. 2006 жылдың мамыры мен 2006 жылдың шілдесі аралығында - Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу комитетінің бастығы. 2006 жылдың шілдесі мен 2012 жылдың желтоқсаны аралығында - Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы. 2012 жылдың желтоқсаннан бастап- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары болған. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, І дәрежелі «Қайсар» белгісімен, II дәрежелі «Даңқ» орденімен, сондай-ақ ІІМ-нің және ІІД-нің құрмет грамоталарымен марапатталған.