11 Ақпан, 16:05 452 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

Қайсар Жанахановқа 141 миллион теңге айыппұл салынды

Астана қаласы № 2 Байқоңыр аудандық соты Қоғамдық даму министрлігінің қоғамдық келісім комитетінің басшысы Қайсар Жанахановқа қатысты қылмыстық іс бойынша шешім шығарды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сот оны пара алды деп танып, жаза ретінде айыппұл салды.

"Жанаханов Қайсар Қадырұлы кінәлі деп саналды. Қылмыстық кодекстің 55-бабының 3, 4, 6-бөліктерін қолдана отырып, оған 141 663 610 теңге көлемінде айыппұл салынады. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметке жұмысқа тұруға тыйым салынады. Осы шешіммен Сәдуақасов Арман Елубайұлы да қылмыс жасағаны үшін айыпталады. Қылмыстық кодекстің 55-бабының 3, 4, 6-бөліктерін қолдана отырып, оған 57 250 000 теңге көлемінде айыппұл салынады және оған өмір бойы мемлекеттік қызметке қызметке тұруға тыйым салынады", - деп мәлімдеді Астана сотының баспасөз қызмет өкілдері. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайсар Жанаханов "Пара алу" (ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 2 және 4 тармақтары) бойынша сотталды. Онымен бірге экономика басқармасының комитет басшысы Арман Сәдуақасов лауазымды қызметкердің пара алуына болысушылық жасағаны үшін жазаланды. Мемлекеттік айыптаушы жарыссөз барысында  соттан оларға айыппұл салуды және өмір бойы мемлекеттік қызметке жұмысқа тұруға тыйым салуды сұрады. Соталды тергеу ісі жедел тәртіпте өтті.

Еске салайық, Астанада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл-іс агенттігі қоғамдық келісім комитетінің басшысы ұсталғанын мәлімдеген. Оған қоса, экономика басқармасының комитет басшысының болысумен бағынышты ұйымға қолдау жасағаны және қаржыландырғаны үшін, 1,9 миллион теңге пара алды деген айып тағылған.

Соңғы жаңалықтар