Қызметтік көліктердің 97 пайызы Қазақстанда құрастырылған
Қызметтік көліктердің 97 пайызы Қазақстанда құрастырылған
2018 жылы сатып алынған қызметтік көліктердің 97 пайызы Қазақстанда құрастырылған. Бұл жайында Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Одақ ақпаратына сәйкес, өткен жылы мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар 20,68 млрд теңгеге 3 315 автомобиль сатып алған. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 27 пайызға аз. Мемлекеттік сатып алулардың 97 пайызы немесе 3 216 бірлігі Қазақстанда құрастырылған автомобильдерге тиесілі болды. Өткен жылы 99 ғана шетелдік көлік сатып алынған. Жалпы, аталған кезеңде шетелде шығарылған автомобильдерді сатып алуға арналған республикалық бюджет шығыстары 2017 жылғы 4,9м млрд теңгеден 860 млн теңгеге дейін азайып отыр.
2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар арасында Қазақстанда шығарылған LADA 4x4 көлігі (642 көлік сатып алынған) зор танымалдыққа ие болып отыр. Одан кейінгі орындарда «LADA Vesta» (208) мен «Skoda Octavia» (186) көліктер тұр. Мұнан бөлек, өткен жылы мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар 155 «Chevrolet Niva», 152 «Skoda Superb», 140 JAC S5, 138 «KIA Cerato», 132 «KIA Sorento», 110 «УАЗ» 396295 және 109 «УАЗ» 390995 көлігін сатып алған.