11 Ақпан 2019, 11:04 986 0 Технологиялар Назым Тойлыбаева

Қытайда 3D-принтермен көпір басып шығарған

Бейжіңде Цинхуа университетінің сәулет мектебі 3D-принтерде бетон көпірді басып шығарды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz Dezeen басылымына сілтеме жасап.

Әлемде ең алғаш осындай әдіспен жасалған бір жақты көпір полиэтилен фибробетоны мен қоспалардан жасалған. Құрылыс 176 блоктан тұрады, оны жасау үшін роботталған қолы бар екі 3D басып шығару жүйесі пайдаланылған.

Басылымның мәліметінше, көпірдің ұзындығы 26,3 метр, ал ені 3,6 метр. Бетоннан жасалған көпір Баошань ауданындағы арнадан өтеді. Барлық элементті басып шығаруға 450 сағат кеткен.  Көпірді дәстүрлі әдіспен салғанша, басып шығарған үш есе арзанға шығады екен, себебі оған арматура мен торлама қолданылмайды.

 

Соңғы жаңалықтар