«Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімі өтеді

«Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімі өтеді

«Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімі өтеді
ашық дереккөзі
Американың Лос-Анджелес қаласында музыка индустриясында ең беделді марапаттардың бірі - «Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Стейплс» спорттық-ойын-сауық орталығында «қызыл кілемнен» жүріп өткендер туралы репортаждар бүгін түнде (Лос-Анджелесте уақыт Астанада 14 сағат кейін), Астана уақытымен сағат 4-те Grammy.com сайтында басталады. Ал марапаттау рәсімін көрсетуді Си-би-эс телекомпаниясы таңғы 7-те бастайды. Шағын «алтын граммофондар» 84 санат бойынша табысталады. Соның ішінде төртеуі ең беделді болып саналады. Олар:  «Жыл альбомы», «Жыл жазылымы», «Жыл әні» және «Үздік жаңа әнші».