ТҮРКІСТАН: 2020 жылы табиғи газбен толық қамтылады
ТҮРКІСТАН: 2020 жылы табиғи газбен толық қамтылады
Биыл Түркістан қаласының тұрғындарының 60 пайызға жуығы табиғи газбен қамтылады. Ал, 2020 жылы қала толығымен табиғи газбен қамтылмақ. Бұл туралы қала әкімі Әліпбек Өсербаев халық алдындағы есебінде мәлімдеді.
Сонымен қатар, қала тұрғындарын электр энергиясымен қамту бүгінде 99,8 пайызды құрап отыр. Есепті мерзімде 2 нысанның құрылысы аяқталып, қала аумағындағы 1 мың 566 абонент сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.