Қазақстандық фристайлшы тұңғыш рет әлем чемпионы атанды

Қазақстандық фристайлшы тұңғыш рет әлем чемпионы атанды

Қазақстандық фристайлшы тұңғыш рет әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Қазақстандық Юлия Галышева фристайл және сноубордтан әлем біріншілігінде топ жарды,  деп хабарлайды Vesti.kz. АҚШ-тың Парк-Сити қаласында өтіп жатқан жарыстың бастапқы кезеңдерінен Галышева үздік үштікте болды. Алайда басты финалда, алты могулшы шыққан уақытта қазақстандық команданың көшбасшысы өзін ең жоғарғы тұсынан көрсетіп, 2018 жылғы Олимпиада чемпионы Перрин Лаффоннан да асып түсті. Галышеваның өнеріне 79,14 ұпай берілді. Екінші орында австралиялық Этони Джкара - 78,99 ұпай, ал үздік үштікте франциялық Перрин Лаффон 78,70 ұпай алды.