Жастарға арендалық баспана берілмек

Жастарға арендалық баспана берілмек

Жастарға арендалық баспана берілмек
ашық дереккөзі
Республикалық маңызы бар қалаларда (Астана, Алматы, Шымкент) жастарға арендалық баспана беріледі. Бұл туралы ҚР Қоғамдық министрі Дархан Кәлетаев кешегі Сенатта өткен жиында айтты. Ал бүгін министр жастарға арендалық баспана тарату мерзімін мәлімдеді. Қоғамдық министр Дархан Кәлетаев жастарға арендалық баспана тарату тетіктерін ақпан айының соңына дейін дайындалатынын тілге тиек етті. Дәл қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, талқылау жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қоғамдық даму министрі «Қазақпарат» агенттігіне берген сұхбатында: «Жастарға арналған пәтерлер биыл таратылады. Енді, оны біз емес, жергілікті атқарушы органдар береді. Біз нақты талаптарын әзірлейміз. Ағымдағы жылы үш қалаға, шамамен, 1 мың пәтер бөлінеді. Бұл – Президенттің тапсырмасы. Сонда Астана, Алматы мен Шымкенттің әрбіреуіне 300-ден астам пәтер келеді», – деді. Министрдің айтуынша, жастарға берілетін арендалық баспананың ауданы 40-50 шаршы метр болады. Дегенмен, биыл жастарға арналған типтік тұрғын үйлерді салып бітіру мүмкін емес. Сондықтан, әкімдіктер дайын үйлерді сатып алады да, жастарға жалға береді. «Әзірше, арендалық төлемнің көлемі 10-12 мың теңге болса екен деп отырмыз. Бұл – алдын ала есеп. Сосын коммуналдық төлемдер тағы бар», – деді Дархан Кәлетаев. Айта кетейік, мұндай арендалық баспана 29 жасқа дейінгі тұрақты жұмысы бар жастарға беріледі деп жоспарланып отыр.