Жаңалықтар

Бесқарағайда жаңа мамандық

ашық дереккөзі

Бесқарағайда жаңа мамандық

ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапары барысында аграрлық секторда сұранысқа ие мамандықтарды оқытатын Бесқарағай колледжінде болды. Колледжде тракторист-машинист, ауыл шаруашылығы машиналары мен автокөлікті жөндеу шебері, жүргізуші, орманшы, ландшафтық дизайнды көгалдандыру, орман шебері  мамандықтары бойынша 140-тан астам студент білім алады. Соңғы 2 жылда студенттер саны екі есеге артқан болатын. Бұл мамандықтардың жоғары сұранысқа ие екенін көрсетеді. Колледж студенттері аймақ басшысына өз жобаларын таныстырды. Ландшафтық дизайн оқушылары Жастар жылы аясында Шошқалы көлінің демалыс аймағын абаттандыру бойынша жоба әзірлеген.