Жаңалықтар

Болмысы бөлек – Бейнеу ауданы

ашық дереккөзі

Болмысы бөлек – Бейнеу ауданы

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Бейнеу ауданына іссапармен барып, аудан әкімінің есебіне қатысты. Аудан басшысы Бейнеубек Әбіловтың мәліметіне сәйкес, бүгінде аудан халқы 69 мың 500 адамға жеткен. Жаңадан 3 мың 270 жұмыс орны ашылып, оның 83,9 пайызы немесе 2 мың 743 тұрақты жұмыс орны болды. Өткен жылмен салыстырғанда 933 орынға көп. Жұмыспен қамту ұйымдары арқылы 2 мың 058 адам тұрақты жұмысқа орналасып, 70 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, 228 жас жастар практикасымен уақытша жұмысқа қабылданып, одан 92 жас тұрақты жұмысқа орналасты. 582 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. Мәдениет пен спорт бойынша демеушілер қаржысына Бейнеу ауылында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы және жабық бассейннің құрылыс жұмыстары, Есет ауылында жаттығу залы мен Боранқұл ауылында екі спорт алаңының құрылысы іске асуда. Орталық стадионға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ашық мұз айдыны іске қосылды. Сарға ауылында ашық спорт алаңы пайдалануға берілді. Облыс бойынша Бейнеу ауданы «Спорт саласындағы үздік аудан» атанды. Өндіріс және кәсіпкерлік саласы бойынша жыл басынан бері 466,7 мың тонна мұнай мен 1321,1 млн текше метр газ өндірілді.Астық терминалы Ауғанстанға 136 тонна, Өзбекстанға 1 мың 786 тонна ұн экспорттап, 11 мың 775 тонна ұн, 4 мың 384 тонна жем өндірді. Өткен жылмен салыстырғанда ұн өндірісі 85 тоннаға көп. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2 мың 418-ге жетті. Аудандағы 10 мың 598 адам осы салада жұмыс жасайды. Олар 1,1 млрд салық төлеп, аудандық бюджеттің меншікті кірісінің 35,3 пайызын құрады. Жиын соңында Ералы Тоғжанов аудан басшысына оң бағасын беріп, бірқатар тапсырма берді. Сонымен қатар, Бейнеу ауданына қарасты бірнеше елді-мекенді аралап, тұрғындармен кездесті.