ЖАЗАР КӨБЕЙСІН!

ЖАЗАР КӨБЕЙСІН!

ЖАЗАР КӨБЕЙСІН!
ашық дереккөзі
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында дүниеге келген басылым бүгінде өзінің орнықты орнын тапқан газет екені ондағы жарияланымдардан-ақ көрініп тұрады. Бағыт-бағдары айқын, қоғамдағы кез келген жаңалық-оқиғаларды жариялауда еш ақпарат құралдарынан қалыс қалмай келе жатуы да іргесін қалаған қазақтың қасиетті қара шалы – Қалекеңнің еңбегінің жемісі демеске амал жоқ. Өйткені еліміз бүкіл түркі жұртының атажұрты, негізгі орталығы екені әлі де ашық айтылмай жүрген кезеңде осындай халықаралық газет шығарудың өзі үлкен ерлік дер едім. Сол үрдісті жалғастырып келе жатқан бүгінгі басшылыққа, басылым ұжымына шығармашылық табыс тілеп, біз де оқырмандар санатында екенімізді мақтана айтқымыз келеді. Жазар көбейсін, тілшілер қауымы!  

Тахир Балықбаев,

             Абай атындағы Қазақ ұлттық

педагогикалық университетінің ректоры