Қытай халқы Жаңа жылды қарсы алды

Қытай халқы Жаңа жылды қарсы алды

Қытай халқы Жаңа жылды қарсы алды
ашық дереккөзі
Қытай тұрғындары Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жылды қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мерекелік шарада тұрғындардың назарына түрлі отшашулар ұсынылды. Ол үшін Қытай билігі арнайы орындарды бөліп, қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауда ұстады. Полиция, өрт сөндіру қызметі, түрлі ведомстволар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Айта кетейік, Қытайда ай күнтізбесі бойынша тойланатын Жаңа жыл мерекесі маңызды мейрам болып саналады. Тұрғындар дәстүр бойынша баспаналарын тазартып, ескі киімдерін қоқысқа тастайды. Сол арқылы жаман энергиядан құтылады. Қытай Жаңа жылы сондай-ақ отбасылық мереке болып саналады. Отбасы мүшелері қаншалықты алыста жүргеніне қарамастан мейрам күні бір дастархан басына жиналады.