Вашингтон метросында қуатты жарылыс болды

Вашингтон метросында қуатты жарылыс болды

Вашингтон метросында қуатты жарылыс болды
ашық дереккөзі
Вашингтон метросының Росслин стансасында қуатты жарылыс болды. Бұл туралы хабар BreakingNLive туиттер-аккаунтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс өте қуатты болған. Арнайы қызметтер жақын маңдағы көшелерді жауып тастады. «Автобус жүргізушісінің айтуынша, бұл трансформатор болуы керек», - дейді куәгерлердің бірі. News Flash порталының хабарлауынша, трансформатордың жарылғанын полицейлер де растаған. Вашингтон метрополитені қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, бұл оқиға жерасты көлігіне қатысты емес. Келеңсіз жағдайдың егжей-тегжейі тексеріліп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.