Қостанай облысында екі әйел аязда үсіп өлді

Қостанай облысында екі әйел аязда үсіп өлді

Қостанай облысында екі әйел аязда үсіп өлді
ашық дереккөзі
Қостана облысы бойынша ең суық түн Қарасу ауданындағы Железнодорожный ауылында тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұнда сынап бағанасы -34 градусты көрсетті. Негізінен синоптиктер -43 градус болады деп болжаған. Үскірік аяздан Денисов және Әулиекөл ауданында 1990 және 1968 жылы туған екі әйел қайтыс болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдейді. Облыстық маңызға ие барлық жолдар кешелі бері жабық. Тек республикалық Қостанай мен Рудный қалаларын жалғайтын жол ашық. Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары күшейтілген тәртіпте жұмыс жасап жатыр. Жол бойында 26 жылыту бекеттері ашылған. Арнайы жедел штаб құрылып олардың күшімен кеше Сарыкөл ауданында екі балықшы құтқарылды. Балықшылар ауылдан 4 шақырым қашықтықта орналасқан көлде боран кезінде адасып кетіпті. Олар дін аман. Тұрғылықты жері бойынша жеткізілді. Дәл қазір сынап бағанасы -30 градусты көрсетіп тұр. Қатты аязға байланысты екінші ауысымдағы 9-сыныпқа дейінгі оқушылар үшін сабақ болмайды. Синоптиктердің мәлімдеуінше, аязды күндер жұмаға дейін сақталады.