Жаңалықтар

Өткен айда МСҚ-на 7,6 млрд теңгеден астам жарна түсті

ашық дереккөзі

Өткен айда МСҚ-на 7,6 млрд теңгеден астам жарна түсті

Биылғы  жылдың алғашқы айында Медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд теңге көлемінде жарна түсті. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 қаңтарына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 140,51 млрд теңгені құрады.