5 Ақпан, 12:38 325 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

"7-20-25" үлгісіндегі автонесиелеудің қашан жүзеге асырылатыны айтылды

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев көліктердің "7-20-25" бағдарламасы үлгісінде несиеге қашаннан бастап берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазақстан азаматтарына "7-20-25" үлгісінде отандық көліктерді несиеге беру бағдарламасын жедел түрде әзірлеуге дайынбыз. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында мүдделі органдармен және банктермен осы ұсынысты қарастыруға дайынбыз", - деді Ақышев үкімет отырысы барысында.

Айта кетейік, Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан үкімет жиналысының кеңейтілген отырысында "7-20-25" үлгісіндегі автонесилеу жобасы туралы ұсыныс жасаған еді. Нұрсұлтан Назарбаев бұл ұсынысты мақұлдаған болатын.

"Біз былтыр "7 -20-25" бағдарламасын енгіздік. Оның жұмыс істеп тұрғанын көріп тұрмыз. Несиені халыққа ұлғайту үшін не істеуіміз қажет? Ұлттық банк аз уақытта азаматтар үшін елімізде шығарылатын көліктерді несие арқылы алу бағдарламасын дайындауға әзір. Бұл жоспарымыз нарықтық экономика қағидасында жүзеге асады. Бұл несие түрі "7-20-25" бағдарламасының базасы мен инфоқұрылымында құрылады", - деген еді Ақышев.

Соңғы жаңалықтар