Charlie Hebdo Египеттегі ұшақ апатын келеке етті

Отқа май құйып, үнемі қып-қызыл даудың ортасында жүретін француз журналы Charlie Hebdo журналы Египетте апатқа ұшыраған ресейлік ұшақтың кариткатурасын жариялап, тағы да сынға ілікті. 224 адамның өмірін жалмаған апатты қалжыңға айналдырған басылымның ісі қоғам наразылығын тудырды.
Журнал бірінші суретке лаңкестің басына қарай ұшып келе жатқан лайнердің бөлшектерін салған. Сондай-ақ, суреттің қасында мынадай жазба бар: «Ресей авиациясы бомбалауын күшейтті». Екінші карикатурада бассүйек бейнеленген, ол ұшақ бөлшектерінің арасында ұшып келе жатыр. Бұл сурет арқылы ресейлік тасымалдаушылар қауіпті екенін және Air cocaine-мен ұшу керегін меңзеген. Журнал осылайша Саркози мен кокаин контрабандасына қатысты жалжалға тұспал жасаған.
Басылымда жарияланған карикатурада ДАИШ лаңкестері үшін ресейлік лайнерді ұшырып түсіру «224 порция тегін тамаққа қол жеткізудің жалғыз мүмкіндігі» болды делінген.
Еске сала кетейік, Египеттен туристерді алып Санкт-Петербургке бара жатқан ресейлік ұшақ 31 қазан күні Синай түбегінде апатқа ұшыраған болатын. Апат салдарынан 217 жолаушы мен 7 экипаждың мүшесі көз жұмды. Қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін Египет пен Ресей мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Алдын-ала болжам бойынша, апат сыртқы күштердің әсерінен болмаған.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button