Жаңалықтар

Ізденіс пен талпынысты ту еткен курсант

ашық дереккөзі

Ізденіс пен талпынысты ту еткен курсант

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз “Тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Құрлық әскерлерінің Әскери институтында 4 курсанттық батальонында    жанымен де, тәнімен де спортқа берілген жан –Унайгалиев Дархан атты курсант оқиды. Дархан 1997 жылы Орал қаласында өмірге келген. Осы қалада №4 орта мектепте білім алған.    7 жасынан бастап спортты өзіне серік еткен.  Әкесі Қамбар баласының бастамаларына әрқашан қолдау көрсетіп, ұлының жеңістеріне шынайы қуанада және қолдау көрсете де білген.