Қазақстандықтар қай әндерді жиі тыңдайды?

Қазақстандықтар қай әндерді жиі тыңдайды?

Қазақстандықтар қай әндерді жиі тыңдайды?
ашық дереккөзі
«Яндекс.Музыка»  қазақстандықтардың қайталап жиі тыңдайтын әндерін анықтады, деп хабарлайды Тengrinews.kz. Үздік 20 композициның ішінде бірінші орында, тыңдарман ең көп қайталап қосқан - рэпер MATRANG-тің  «Медуза»  әні. Ал одан кейін қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің  «Медина» трегі тұр. Ал Қазақстанда әндерін  жиі тыңдайтын үздік 10 орындаушының тізімі мынадай:
  1. Jah Khalib
  2. Imagine Dragons
  3. Скриптонит
  4. LOBODA
  5. Мот
  6. XXXTentacion
  7. Егор Крид
  8. Miyagi & Эндшпиль
  9. Элджей
  10. HammAli & Navai «Яндекс. Музыка» сарапшылары статистиканы зерттеп, орыс тілді орындаушылар көп тыңдалатынын анықтады.
«Алматылық сервис қолданушысы рэпер KUKOYAKA-ның «POOPIN» трегін бір жылда 901 рет, ал Астаналық қолданушы НАZИМЫ & Тиматидің «2000»  әнін 374 рет тыңдаған. Алматыда екі адам Quest Pistols тобының өнерін қайталап қосқанды жақсы көреді:  бірі «Непохожие»  әнін 862 рет, екіншісі «Революцияны» 475 рет тыңдаған», - деп хабарлады сарапшылар.